16:50, 14 Тамыз 2025 | GMT +5
Қазақстан-Ресей шекарасында кейбір өткізу пункттерінде қозғалыс шектелуі мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Қостанай облысының «Желқуар», «Аят», «Обаған», «Ақбалшық» және Солтүстік Қазақстан облысының «Қызыл жар» автокөлік өткізу пункттерінде көліктердің өтуі кезінде қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады.

Бұл жағдай Ресейдің «Мариинский», «Николаевка», «Звериноголовское», «Воскресенское» және «Казанское» өткізу пункттерінде жөндеу жұмыстарының (2025 жылғы 15 тамыздан бастап) жүргізілуіне байланысты.
— Осы мән-жайларды ескеріп, қозғалыс маршрутын алдын ала түзетуді сұраймыз. Басқа пункттер тұрақты режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілмеген, — делінген хабарлады.
Айта кетелік Qgate жүйесі шекарадан өту уақытын бір жарым минутқа дейін қысқартты.