Қазақстан шекарасының маңында екі рет жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 22 ақпанында «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан 184 және 336 шақырым жердегі Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған екі жер сілкінісін тіркеді.
None
None

Алматы уақытымен 8 сағат 15 минут 25 секундта эпицентрі Алматы қаласының оңтүстігіне қарай 184 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан жер сілкінісі тіркелді. Оның энергетикалық санаты - 10.6. Тербелісі - 5.0 MPV.
Алматы уақытымен 8 сағат 22 минут 39 секундта Алматы қаласының оңтүстігіне қарай 336 шақырым жерде, Қытай аумағында болған жер сілкінісі тіркелді. Оның энергетикалық санаты - 10.3. Тербелісі - 4.7 MPV, - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар