Қазақстан Солтүстік Кореядағы ядролық сынақты айыптайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі КХДР-дағы ядролық сынаққа қатысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«2017 жылғы 3 қыркүйекте Корей Халық Демократиялық Республикасының Үкіметі сутек бомбасына сынақ өткізгені туралы хабарлады.

Осы орайда, Қазақстан КХДР-дың бұл әрекеттері мүлде қолайсыз екенін және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын өрескел бұзатынын атап өтіп, осы сынақты батыл түрде айыптайтындығы туралы мәлімдейді.

«Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың ХІV бабы бойынша 9-шы Конференцияға Жапониямен бірлесіп тең төрағалық ете отырып, Қазақстан                 КХДР-дың бұл іс-әрекеттері дүниежүзілік қауымдастықтың ядролық қаруды жою мен оны таратпау тәртібін күшейтуге ұмтылған күш-жігеріне, сонымен қатар бүкіл әлем мен Корей түбегіне және жалпы сол өңірге ауыр қауіп төндіріп отыр деп есептейді», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстан әлемде ядролық сынақтарға толық тыйым салынуын қолдай отыра, Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тартуға және ядролық проблема бойынша көпжақты келіссөздерді жалғастыруға шақырады. 

Соңғы жаңалықтар