Қазақстан сөзден іске көшті – ресейліктер тұрмыстық зорлыққа жазаны күшейту туралы

АСТАНА. KAZINFORM – Кеше Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы мен ілеспе құжат екі оқылымда қаралып, мақұлданған еді. Дәл осы заң ел ішінде ғана емес көршілес Ресей қоғамында да қызу талқыға түсіп жатыр. Осыған орай, Kazinform ресейліктердің ең қызықты пікірлерін оқырман назарына ұсынады.

тұрмыс
Фото: Midjourney
Ксения Собчак
Фото: кадр из видео

Журналист әрі тележүргізуші Ксения Собчак «Кровавая барыня» Telegram-арнасында Салтанатты қолдау флешмобына демеу білдіретіндігін мәлімдеді.

«Меніңше, таяу уақытта бұл ел бұрынғы ТМД-дағы ең прогрессивті елге айналады. Әйелдер «егер сіз мені шарап құйылған бокалмен көрсеңіз, демек бұл мені өлтіруге болады дегенді білдірмейді» деген жазбамен шарап ұстап түскен суреттерін жаппай жариялады». Ханымдар, мен сіздермен біргемін және жан-жақты қолдаймын», - деп жазды Ксения Собчак.

Оны танымал жүргізуші және бизнесвумен Ксения Бородина да қолдап отыр. Ол отбасылық зорлық-зомбылықты өзі де бастан кешіргенін жасырған жоқ.

«Мен кей отбасыларда ұрыс-керіс болып жатқанын жиі көрдім. Достарым, құрбыларым да айтатын. Өкінішке қарай, менің де отбасымда ондай жайттар болып тұрды. Бізге ол қалыпты дүниедей көрінетін. Өйткені, қарым-қатынасымызға еніп кетті. Бірақ, бұл – дұрыс емес», - дейді Ксения Бородина оқырмандарына.

Решетова
Фото: gazeta.ru

Ресейлік модель Анастасия Решетова барлық психопаттың, абьюзердің мінез-құлқы бірдей екендігін алға тартады.

«Менің де басымнан осыған ұқсас жайт өткен еді. Мұндай психологиялық тұтқыннан өздігіңнен шығу мүмкін еместігін айта аламын. Әрбір агрессиялық әрекетінен кейін сізді сыйлықтың астына қалдырады немесе жылы сөйлеп, көңіліңді тыныштандырады. Әдетте, оған өзіңіз кінәлі екендіңізге иландырады», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Калой
Фото: К. Ахильговтің facebook парақшасынан

Ресейлік адвокат Калой Ахильгов ашық сот процесі жалпы сот жүйесіне сенімді барынша арттыратындығын және қарапайым азаматтар үшін ағартушылық сипатқа ие екендігін айтады.

«Кейінгі жылдары Қазақстанның сот жүйесінде не болып жатқанын жіті қадағалап отырамын. Олардың проблемаларды анықтап, оны соттармен, прокурорлармен және адвокаттармен бірге шешетіндігі көрініп-ақ тұр. Мәселен, Қазақстанда ювеналды сот жұмыс істейді. Онда отбасылық істер қаралады. Жеке институт – әкімшілік әділет кәсіпкерлердің қадағалаушы органдармен дауларын қарастырады және де бұл – реформалардың бір бөлігі ғана. Бәрі де керемет еместігіне сенімдімін. Бірақ, ілгері басуды байқамау мүмкін емес. Бұл жалпы сот жүйесіне сенімді барынша арттыра түседі деп санаймын. Процестің өзі жай ғана қызықты емес, сонымен бірге қарапайым азаматтар үшін ағартушылық сипатқа да ие. «Сот келеді!» деп қалыптасқан түсінік емес, қалай болуы тиіс болса, дәл солай көрсетіліп жатқан шынайы процесс. Сот залындағы процесті бақылап отырғанымда қорғаушылардың өзінде қорғау стратегиясына қатысты бірыңғай ой-пікір жоқ сияқты көрінді. Ол түсінікті де... Дегенмен, мен де қателесуім мүмкін. Ал үкім қандай болатындығын меніңше барлығымыз да өте жақын арада білеміз», - деп түйіндейді сөзін адвокат.

Ариана Лолаева
Фото: currenttime.tv

Стендап-комик Ариана Лолаева видео жазып, онда әйелдердің қауіпсіздігі мен сот әділдігі үшін жантүршігерлік оқиғаны Қазақстаннан да тысқары жариялаудың маңыздылығына тоқталады.

«Бұл – барлық әйелдің ісі. Бұл – қазіргі әлемде әйелдердің иығына артылар ауыртпалыққа бей-жай қарамайтындардың барлық жанның ісі», - дейді ол.

Максим Фадеев
Фото: spbdnevnik.ru

Ресейлік продюсер Максим Фадеев те пікір білдіруден тысқары қалған жоқ.

«Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қаншалық жиі өліммен аяқталатындығы жайлы ойландым. Бұл елімізде әлі күнге дейін қылмыс деп танылмайды. Өкінішке қарай, еркек те, әйел де, соңы екеуінің бірінің өліміне алып келетін ауыр қылмыс жасайды. Ең алдымен, ерлердің езгісіне ұшырайтын әйелдерге кеңес берер (егер кеңес бере алсам) едім: егер де сізді еркек тым болғанда бір рет ұрса, шапалақпен тартып жіберіп немесе жұдырық жұмсаса, онда бұл мұның үнемі қайталанатындығының дабылы екенін біліңіз», - деді Максим Фадеев.

Виктория Лопырева
Фото: ru.wikipedia.org

Тележүргізуші Виктория Лопырева әйелдерді отбасындағы тұрмыстық-зорлық зомбылықты жасырмауға шақырды.

«Зәрем ұшты. Қанша әйелдің жұбы тарапынан жасалатын физикалық және эмоционалды зорлық-зомбылыққа төзіп жүргенін ойлаудың өзі қорқынышты. Ең қиыны, бұл жайында айтудан және көмек сұраудан қорқады. Статистикалық деректерге қарағанда, әйелдердің жартысынан көбі жұптарынан әйтеуір бір дөрекілік көргенін айтпай жасырады. Өйткені, бұл – қорқынышты, ұят. Өйткені, барлық уақытта да пікір резонанс тудырады. Мұның үстіне, адамдар «өзі кінәлі» деп жатады. Мұндай сөздерден өзімді қоярға жер таппай қаламын. Қыздар, сақтаныңдар. Сендерді ренжітуге ешкімнің де құқы жоқ», - деп жазды блогер.

Соңғы жаңалықтар