08:40, 07 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында үздік үштікке кірді
АСТАНА. KAZINFORM — Таеквондодан (WT)21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан үздік үштіктің құрамына енді.
Екі алтын және бір қола медаль жеңіп алған ұлттық команда жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтап, тек Түркия мен Иранға есе жіберді.
Қазақстандық Бейбарыс Қаблан таеквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлде жеңіп алған болатын.
Одан кейін Батырхан Төлеуғали (87 келі) Найробиде (Кения) өтіп жатқан таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атағына қол жеткізді.
Ал Тамерлан Тілеулес таеквондодан Әлем чемпионатында қола медаль иеленген еді.