Қазақстан Тәжікстанның негізгі сауда серіктесінің «үштігіне» кірді

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылдың қаңтар айының соңына қарай Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы 120 млн долларға жетті, өсім 13,5 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazinform-ның Душанбедегі меншікті тілшісі. 

Казахстан входит в тройку основных торговых партнеров Таджикистана
Фото: Ховар

ТР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметінше, Тәжікстанның осы жылдың қаңтар айындағы сыртқы сауда айналымы 929,0 млн АҚШ доллары шамасында болды, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,4%-ды құрады.

Қазіргі уақытта Тәжікстан 94 елмен сауда жүргізіп отыр, оның ішінде 10-ы — ТМД және 74 алыс шет елдері.

Тәжікстанның жетекші сауда серіктесі — Қытай. Екі ел арасындағы сауда айналымы қаңтар айында 1,9 есе өсіп, 281,1 млн АҚШ долларына жетті (жалпы көлемнің 30%-ы).

Келесі орында Ресей тұр. 2026 жылдың алғашқы айында бұл елмен импорт пен экспорт көлемі 236,8 млн АҚШ долларын (25%) құрады.

Алғашқы «үштікті» Қазақстан аяқтайды. Қаңтар айында біздің еліміз бен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы 120,1 млн АҚШ долларын (13%) құрады. Тәжікстан Қазақстанға 11,4 млн долларға тауар экспорттап, 108,7 млн доллардан астам сомаға импорттады.

Еске сала кетсек, өткен жылы Тәжікстанға 37 мыңнан астам қазақстандық турист барғанын жаздық. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум