«Қазақстан түрмелерінде жасөспірім қыздар көп»: ІІМ жауабы

Instagram-да Қазақстан түрмелерінде 14 жастан асқан жасөспірім қыздар көп екені айтылған видео тарады. Олардың барлығы есірткі жасырғаны үшін бас бостандығынан айырылған-мыс, деп хабарлайды Кazinform.

есірткі жасыру
Фото: pixabay.com

«Таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған пенитенциарлық мекемелерде 5 қыз бар. Олардың біреуі ғана есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр», – деп мәлім етті ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Stopfake.kz-ке.