Қазақстан түрмелеріндегі 39 мың адамның 6,4 мыңы дін ұстанады

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта Қазақстан түрмелеріндегі дін ұстанатындар санын атады.

полиция, СИЗО, тюрьма
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

- ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен (Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Мәдениет және ақпарат министрлігі) бірлесіп қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің арнайы контингенті арасында радикалды діни идеологияның таралуына жол бермеу, террористік қызметтің деструктивті діни ағымдарын жақтаушылардың терроризмді және өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді насихаттау фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі шаралар қабылдап отырады.

Бүгінгі таңда, пенитенциарлық мекемелерде 39 мыңнан астам сотталғандар мен тергеу мақсатымен қамауға алынғандар отыр. Оның ішінде дінге сенушілер - 6 383, - деп жазылған ресми мәліметте.

Министрлік келтірген анықтама мәліметіне сенсек, түрмеде дін ұстанушылардың саны:

  • 2024 жылы 6 464 адам болса,
  • 2023 жылы 5 121
  • 2022 жылы 4 230 адам болған.

Бұған дейін Қазақстан түрмелеріндегі 1 мыңнан астам әйел рақымшылыққа ілінуі мүмкін екенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар