Қазақстан — Үндістан: 10 жаңа бағытта тікелей рейс ашылады

АСТАНА. KAZINFORM — Еліміз Қытай, Түркия, Үндістан және Ресеймен әуе қатынасын кеңейтпек. Сондай-ақ Еуропаға жаңа бағыттар ашу жоспарланған.

ЕС утвердил новые права авиапассажиров: что изменится
Фото: Trend.az

Бұл туралы ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік апталығында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты.

Оның сөзінше, алдағы жылдары елдегі халықаралық әуе бағыттарының санын 160-қа дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Үндістан — елімізге жақын орналасқан, әрі қарқынды дамып келе жатқан ірі нарықтардың бірі. Қазақстан осы елдің 10 қаласына тікелей рейс ашуды көздейді.

Қытайға қатынайтын рейстер санын да 30-ға жеткізу жоспарланып отыр.

— Ал Түркиямен және Ресеймен әуе қатынасын кеңейту транзиттік тасымалды дамытуға мүмкіндік береді. Ресеймен әуе қатынасын дамытуға арналған «500+» бағдарламасы бар. Ол негізінен халқы 500 мыңнан асатын шекаралас қалалармен тікелей әуе қатынасын орнатуға бағытталған. Бұл бағыттар бойынша нақты жоспарларымыз бар, — деді Талғат Ластаев.

Мұнан бөлек, Еуропа елдеріне де жаңа әуе бағыттарын ашылады.

— Бұл жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асады. Қазақстан жыл сайын бірнеше жаңа рейс іске қосуды жоспарлап отыр, — деді ол.

Айта кетейік, жақында FlyArystan Алматыдан Қытайдың Чунцин қаласына тікелей рейс ашты.