Қазақстан үшін Жапониямен ғылым, білім, саясат салалары бойынша көпжақты байланыстар орнату басымдықты бағыттардың бірі - ҚР БҒМ

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов «Қоғамдағы ғылым мен технологиялар» халықаралық форумының негізін қалаушы және төрағасы Кодзи Омимен кездесті.
None
None

Жапондық делегацияны Қазақстандағы Жапонияның елшісі таныстырды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспсөз қыметі.

Әңгіме достық рәуіште өтті. Профессор Кодзи Оми - Жапонияның ықпалды саяси қайраткерлерінің бірі. Ол әр жылдарда Жапония Үкіметінің білім және ғылым министрі, қаржы министрі, Окинава және Солтүстік аумақтар істері министрі және экономикалық жоспарлау министрі қызметтерін атқарды.

Кодзи Оми кездесуге қатысушыларға өзінің бастамасымен 2004 жылы Жапонияда құрылған «Қоғамдағы ғылым мен технологиялар» (STS Форум) халықаралық форумының мақсаттары туралы айтып берді. STS Форум ғылым мен қоғам алдында тұрған проблемаларды талқылау үшін әр елдің адамдарын біріктіретін жаңа халықаралық пікірсайыс алаңы болып табылады. Форум адамзаттың алдында тұрған жаһандық міндеттерді - энергия қауіпсіздігі, энергияның балама көздері, климаттың жылынуы, тамақтану қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, лаңкестікпен күрес және тағы басқа да проблемаларды шешу үшін ғылым мен технологиялар жетістіктерін пайдалануға жаңа мүмкіндіктер ашады, деп санайды саяси қайраткер. Ғылым мен технологияның қарқынды дамуы қоғам алдында организмді клондау, жасуша технологияларын пайдалану, өсімдіктер мен жануарлардың гендік-модификациясы негізінде тағам өнімдері өндірісі сияқты этика мәселелерін де алға қойып отыр.

Қор басшысы Б.Жұмағұловты 2013 жылғы 6-8 қазан күндері жапондық Киото қаласында өтетін «Қоғамдағы ғылым мен технология» 10-шы форумына қатысуға шақырды. Жыл сайын форум жұмысына әлемнің жүз елінен мыңға тарта делегат қатысады.

БҒМ басшысы өз тарапынан мейманға Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда ғылым туралы жаңа заң қабылданғаны, отандық ғылымды басқарудың жаңа моделі енгізілгені туралы әңгімеледі. Ведомство басшысы білім, ғылым, саясат салаларында Жапониямен көпжақты байланыстарды орнату Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын дамытудағы басымдықты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар