«Қазақстан ядролық қаруға қарсы қауымдастықтың көш басында - Зеф Мази, МАГАТЭ

«Сіздердің елдеріңізге келген соңғы жұмыс сапарында МАГАТЭ Бас директоры Юкия Амано атом қаруының таралмауы, қарусыздандыру ісінде және Ядролық физика мен технологияны бейбіт мақсатта пайдалану бойынша агенттікпен ынтымақтастықта Қазақстанның қосқан үлесін жоғары бағалады.
МАГАТЭ өз қызметін ядролық физика мен технологияны жер шары аясында қауіпсіз және бейбіт мақсатта пайдаланылуына бағыттайды. Ол бейбітшілікті, қауіпсіздікті нығайтуға, жаңа мыңжылдықта даму мақсатына жетуге өз үлесін қосуда. Бас директор Юкия Аманоның үндеулерінің бірінде ядролық физика мен технологияның, соның ішінде атом энергиясымен байланысты технологияның маңызын атап өтті», - деді Зеф Мази Семейде өтіп жатқан «Невада-Семей» ХЯҚҚ 25 жыл. Ұлттық трагедиядан ұлттық мақтанышқа дейін» халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде.