Қазақстан ядролық қарусыз әлем идеясын тынбастан ілгерілетуде - С.Қартоев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысына қарасты Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдары тақырыбы аталған полигонның жабылғанына, міне, 24 жылдан аса да әлі өзектілігін жойған емес. Өйткені, ядролық сынақтан зардап шеккендерді оңалту, жерді, экологияны сауықтыру сынды көптеген мәселелер әлі де болса өз шешімін табуы тиіс. Сондықтан да жұма, 27 қараша күні Семейде дөңгелек үстел отырысы өтіп, онда Семей полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды қолдау жән медицинлық тексеруден өткізу шаралары жан-жақы талқыланды.
None
None

ҚазАқпарат тілшісінің ядролық сынақтардың зардаптарын жоюға қанша жыл қажет деген сауалына «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті Сұлтан Қартоев ойланып қалды. «Көп. 40 жылдық ядролық сынақ салдарын 25 жылдың ішінде жылдам жою мүмкін емес. Бұл өте қиын. Біздің буынмен аяқталмайтындығы анық. Ол біздің балаларымыз, немерелеріміз кезінде, тіпті қанша уақыт жалғасатындығы, болашақта ұлттың тегіне қалай әсер ететіндігі де белгісіз. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, 40 жылдың ішінде Семей ядролық сынақ алаңында 456 жарылыс орын алды. Зардап шекендер 1,5 млн. адамнан көп. Бұл сан полигон жабылған кездегі дерек. Полигон аумағы - 300 мың шаршы шақырым. Бұл Германия, Италия, Польша аумағына тең», - деді ол.

С.Қартоевтың атап өтуінше, антиядролық қозғалыс құрылған кезінде өз бағдарламасына 2 мақсатты жүктеген.

«Біріншісі, біздің Президентіміз Н.Назарбаевқа Семей ядролық полигонын жабуға қолдау көрсету. Ал екіншісі, басты стратегиялық мақсат: әлемнің барық ядролық полигондарын жабу. Біздің еліміз өз тәуелсіздігін алған күннен бастап осы жылдардың ішінде Елбасымыз үнемі жаһандық ядролық қарусыздану, таратпау және ядролық полигондарды жабу туралы бастаманы көтеріп келеді», - деді С.Қартоев.

Оның атап өтуінше, ҚР Президентінің барлық бастамалары бейбітшілікке бағытталған. Елбасы БҰҰ Бас асамблеясының 70-ші мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде де әлемдік қоғамдастықты жаһандық ядролық қарусызданған, жаңа ядросыз аймақтар құруға, жаһандық ядролық қозғалыс құруға шақырды.

«Мемлекет басшымыз елдерді жыл сайын қорғаныс бюджеттерін 1 пайызға қысқартуға және бұл қаржыны халықтың кедей топтарының әлеуметтік проблемаларын шешуге бағыттауға шақырды. Біздің бұл ұсынымызды әлем елдері естіді. Бүгінде әлемде Ядролық сынақтарға тыйым салу туралы жалпықамтымды шарт, Ядролық қаруды таратпау туралы шарт ұйымы сынды институттар бар. Әлемде 5 ядросыз аймақ құрылған», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар