Қазақстан жаһандық ядролық қарусыздану саласында батыл әрекет жасауға үндейді
2014 жылғы желтоқсанда Венада үшінші Ядролық қаруды қолданудың гуманитарлық салдары жөніндегі халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Оған 151 мемлекеттен 700-ден астам делегат, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысуда. Конференция бағдарламасына ядролық қаруды денсаулық, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік-экономикалық даму, азық-түлік қауіпсіздігі және тағы басқа салаларда пайдалану мүмкіндігіне ықпал жасау мәселелері енгізілген.
Конференцияға қатысып отырған және құрамына ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, СІМ қызметкерлері енген қазақстандық делегацияны Қазақстанның Австриядағы Елшісі - Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай бастап отыр.
Қазақстандық делегация мүшелері өздерінің баяндамаларында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану саласындағы бастамалары туралы ақпараттандырып, бүгінде еліміздің ғаламдық ядролық қауіпті жою үшін шешімді шараларды қолға алу қажеттігі туралы нық ұстанымды ұстанатындығы атап өтті.
Тәуелсіз Қазақстан халқы үшін Семей сынақ алаңының жабылуының тарихи рөліне назар аударылды. Полигонның 1949-1989 жылдар аралығындағы қызметі кезінде 500-ге тарта әуе, жер үсті және жер асты ядролық сынақтар жүргізіліп, оның салдарынан жергілікті халық зардап шегіп, ал сынақ алаңы маңайындағы жер радиоактивтік улануға душар болды. Сондықтан да ядролық қарусыздану және таратпау жөніндегі ғаламдық процестерге қомақты үлесін қосқан Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өзінің кандидатурасын ұсынды.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің хатшысы Виктор Рогалев негізгі баяндамашы ретінде аустриялық Парламент депутаттары ұйымдастырған «Парламентарилер ядролық қарудан азат әлем үшін» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Конференция шеңберінде «АТОМ» Жобасының Құрметті Елшісі Кәріпбек Құйықовтың суреттерінің көрмесі мен Қазақстанның әскери ядролық мұрадан арылу тарихына арналған фотокөрме ұйымдастырылды. Веналық форумға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген К.Құйықов әлемге ядролық сынақтардың қайғылы зардаптары туралы тағы да еске салып, оларды ядролық сынақтарға түбегейлі тыйым салуды мақсат тұтатын «АТОМ» Жобасына қолдау көрсетуге шақырды. Сондай-ақ, К.Құйықовтың веналық конференцияның ашылуы қарсаңында ұйымдастырылған «ICAN» азаматтық қоғамының Форумына қатысып, жасаған баяндамасына жоғарғы қызығушылық танытылды.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы 29 тамызда «Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге» атты халықаралық конференцияда тұсаукесерін жариялаған «АТОМ» Жобасы ядролық қаруларды сынауға біржола тыйым салуға қол жеткізу мақсатында ғаламдық күш-жігерді біріктіруге бағытталған халықаралық кампания.