Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ӘЧ іріктеу кезеңінің жартылай финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Нью-Дели (Үндістан) қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу кезеңінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ӘЧ іріктеу кезеңінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық ширек финалда Гонконг құрамасымен күш сынасты.

Қазақстан құрамасына алғашқы жеңісті Дамир Жалғасбай әперді. Ол қарсыласын 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Содан кейін команда көшбасшысы Заңғар Нұрланұлына кезек келді – 6:4, 6:1.

Ертең Қазақстан құрамасы (капитаны Сергей Квак) жартылай финалда Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Оңтүстіккореялықтар тартысты матчта Үндістанды 2:1 есебімен жеңді.

Іріктеу сайыстарынан үздік шыққан үш команда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің «Мен – қазақпын» деп айтқанын, теннисші Андрей Голубевтің Мюнхен турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.