Қазақстан жекеменшік түрме құрылысынан неге бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қылмыстық-атқару жүйесінде әлі күнге дейін бұрынғы кеңестік жүйенің сипаты сақталғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Мойындау керек, біздің қылмыстық-атқару жүйеміз әлі күнге дейін көбінесе бұрынғы кеңестік жүйенің белгілерін сақтап келеді және халықаралық стандарттардан алыстау. Сондықтан да елімізде қылмыстық-атқару саясаты мен жазаны орындауды ұйымдастыру тетіктері жетілдіруде. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың негізгі тұжырымдамалық бағыты әзірленді. Бірінші кезекте бас бостандығынан айырылғандарды қамауда ұстаудың ұжымдық тәртібінен жеке камераға орналастыруға ауысу ескерілген. Ол үшін қазіргі заманғы жаңа мекемелерді салу керек. Әрине, бұл оңай шаруы емес, себебі осы жүйенің 10 жыл бойы Әділет министрлігінің қарауында болған кезінде бірде-бір колония мен тергеу изоляторы салынбаған», - деді министр Парламент Мәжілісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру тақырыбындағы Үкімет сағатында.

Сонымен қатар ведомство басшысы Қазақстанда жекеменшік түрмелердің құрылысы идеясынан неліктен бас тартылғандығын айтты.

«Мемлекеттік-жекешелік серіктестік тетігін пайдалану арқылы жаңа колонияны салу нұсқасын Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе қарастырдық. Алайда жоба концессия кестесі бойынша жеке капиталдың қатысуы жағдайында сараптамадан өте алмады, өйткені бұл жоба айтарлықтай қымбатқа түсіп, ел бюджетіне ауыртпалық түсіретіні анықталды», - деп түсіндірді министр.

Қ. Қасымовтың айтуынша, қазіргі кезде Ұлттық экономика министрлігімен және Қазақстанның мемлекеттік-жекешелік серіктестік орталығымен бірлесе қолданыстағы түзету мекемелерінің аумағындағы тұрғын корпустарын қайта құру немесе баламалы негізде олардың орнына жеке камералы жаңа корпустарды салу қарастырылуда. Бұл ұсыныстар Үкімет тарапынан қолдауға ие болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум