Қазақстанда 10 қыркүйек күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 10 қыркүйек күні болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

анонс
Фото: freepik.com

АСТАНА

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.

10.00-де Maqsut Narikbayev University-де «Болашақ саммиті: жаһандық консенсус қалыптастыру» брифингі өтеді, онда саммиттің мақсаттары мен Қазақстанның көпжақты дипломатиядағы маңызды рөлін талқылау үшін көрнекті дипломаттар мен негізгі мүдделі тараптар жиналады.

10.00-де Шығыс Қазақстан облысындағы археологиялық зерттеулер қорытындысы бойынша «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты VIII халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталады.

11.00-де «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ «Сапалы экономикалық өсу үшін жағдай жасау» тақырыбында ашық диалог өткізеді.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыс туралы» баспасөз конференциясы өтеді.

Соңғы жаңалықтар