Қазақстанда 28 мамыр күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 28 мамыр күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

аңдатпа
Фото: Kazinform

08:30-да The St. Regis Astana қонақүйінде Astana Халықаралық форумы қарсаңында Қазақстан-Француз инвестициялық форумы өтеді

09:00-де Ақордада Руанда Президенті Поль Кагаменің ресми сапары басталады.

10:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10:00-де Астана қаласы мәслихаты «Елордадағы жылумен және энергиямен қамту жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізеді.

10:00-де Hilton Astana қонақүйінде Italy-Kazakhstan Supply Chain халықаралық форумы өтеді.

10:00-де Hilton Astana қонақүйінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан-Италия сауда қауымдастығы (ACIK) және Италия Республикасының Қазақстандағы Елшілігімен бірлесе отырып, сауда және логистика, соның ішінде жеткізу тізбегі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша «Италия – Қазақстан» іскерлік форумын өткізеді.

10:00-да Rixos қонақүйінде Қазақстандағы лизингтің болашағы мен қаржы-өнеркәсіп секторын дамытуға арналған KazLeasing-2025 алғашқы конференциясы өтеді.

11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Денсаулық сақтау саласын цифрландыру» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

12:15-де «Астана Опера» театры аумағында Қазақстан мен Ресейдің Мәңгілік достық аллеясы ашылады.

13:00-де Nazarbayev University-де «Қазақстан энергетикасындағы BESS энергия жинақтау жүйелерінің рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.

14:00-де «EXPO» халықаралық көрме орталығында KIOSH еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі XIII қазақстандық халықаралық конференция және көрме өтеді.

15:00-де Құрбан айт мейрамына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

15:00-де Астана қаласындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтеді.

16:00-де ҚР Ұлттық музейінде литвалық суретші және композитор Микалоюс Константинас Чюрлёнистің туындыларының репродукцияларынан тұратын «Чюрлёнис әлеміне саяхат: Түстер мен дыбыстар үндестігі» көрмесі ресми ашылады.

16:00-де Sheraton Astana қонақүйінде Қазақстан шахмат федерациясы үздіктердің үздігін марапаттайды.

Осыған дейін Астанаға 5 мыңнан астам қонақ келетіні туралы жаздық. 

 

Соңғы жаңалықтар