Қазақстанда 5 жұлдызды қанша қонақүй бар

АСТАНА. KAZINFORM – Биылғы жылдың қаңтар, наурыз аралығында Қазақстан сырттан келген 1,9 млн мейманды қабылдаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.  

Қазақстанда 5 жұлдызды қанша қонақүй бар
Фото: Pixabay.com

— 2025 жылғы қаңтар, ақпан, наурыз айларында Қазақстан қонақүйлері 1,9 млн мейманды қабылдады. Бұл ретте көрсетілген қызметтер көлемі 60,9 млрд теңгеге жетсе, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 14,5% артық, — делінген хабарламада.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша қонақүйлердің саны 4 313 екені белгілі болып отыр. Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда олардың саны 309-ға артқан.

Қонақүйлердің түрлері бойынша қонақтардың негізгі үлесі мейрамханасы бар қонақ үйлерге тоқталуды жөн көрген. Келушілердің 50,5%, тағы 11,3% — коттедждерде, ауылдық үйлерде, пәтерлерде тұрақтаған.

Стат бюро берген мәліметке сенсек, Алматы қаласы мен Астана ең көп туристерді қабылдаған.  Алматы (496,9 мың адам) мен (Астана — 314,1 мың адам).

Айта кетейік, Қазақстанда 5 жұлдызды рейтингі бар 25 қонақүй бар, бірінші тоқсанда 165,9 мың мейман тоқталған.

— I тоқсанда курорттық аймақтарда 883,3 мыңнан астам адам демалған, оның 637,7 мыңы — Алматы тау кластерінің келушілері, — деп жазды Ұлттық статистика бюросы.

Еске сала кетейік, бұған дейін алдағы 5 жылда жол бойларында мотель түріндегі 60 қонақүй пайда болатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар