Қазақстанда 70 жасөспірім колонияда жазасын өтеп жүр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Елде кәмелет жасына толмаған 70 жасөспірім абақтыда отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Kazinform сауалына жолдаған жауабында айтылған.

 Қызылордада оқушы өліміне күдікті 17 жастағы жасөспірім ұсталды
Фото: Рexels

Ведомстводан мәлім еткендей, Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық институттармен бірлесіп, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа бірыңғай заң әзірлеп жатыр. 

— Аталған заң жобасында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзудың алдын алуға жауапты субъектілердің өзара іс-қимылының жаңа форматы жан-жақты қарастырылады, — деп атап өтті министрліктен. 

Кәмелетке толмағандар арасында практикалық шаралар үнемі жүргізіліп отырады. Әр өңірде балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне ден қою бойынша ведомствоаралық мобильді топтар құрылған.

Құқық бұзудың алдын алуды және бала құқығын қорғауды күшейту мақсатында бүкіл оқу орындарында кездесулер ұйымдастырылады. 

— Мәселен, министрдің тапсырмасымен ресбулика бойынша 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында «Жасөспірім» жедел-алдын алу шарасы өтті. Оған 7,4 мыңнан астам полиция қызметкері, білім органдарының 1500 өкілі жұмылдырылды. Десе де, кәмелет жасына толмағандар арасында қылмыс тоқтар емес. Қазір елімізде жасөспірімдер жазасын өтейтін бір қоныс-колония бар. Онда 70-тен астам жасөспірім жазасын өтеп жатыр. Колонияға негізінен 16 жастан бастап жөнелтеді, — деп жазылған жауапта.

Осыған дейін Алматы облысында оқушы өз сыныптасын өлтіріп тастағанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар