21:15, 08 Сәуір 2022 | GMT +5
Қазақстанда 8 есірткі зертханасы жойылды
ІІМ жыл басынан бері 8 есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

«Ел Президенті құқық қорғау органдарына біздің азаматтарымыз, әсіресе жастар арасында есірткінің таралуына күшті тосқауыл қоюды тапсырды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев түсіндіргендей, есірткіге қарсы заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін синтетикалық есірткілердің жаңа буынын анықтау бойынша жұмысты едәуір жандандыруға мүмкіндік туды.