Қазақстанда 84 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Оның айтуынша, 2018 жылдан бастап жекеменшік сектордың ауқымды қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырыс тетігі әзірленді.
«Біз инвесторлар мен жеке кәсіпкерлерді мемлекеттің қаржылық қолдауымен студенттік жатақхана құрылысына қаржы салуға шақырамыз. Бұл жобаға әлеуметтік нысанды салушы ретінде ғана емес, табысты және келешегі мол бизнес жоба ретінде қараған жөн»,- дейді ол.
Сонымен қатар, спикер, әсіресе алматылық студенттер жатақхана мұқтаж екенін айтты.
«Қазіргі уақытта еліміз бойынша 84 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж. Оның ішінде Алматы қаласында 40 мыңнан астам студентке жатақхана қажет. Себебі, жоғары оқу орындарының басым бөлігі Алматыда. Айта кетейін, бұл бастамаға 152 млрд теңге қарастырылған»,- деді ол.
Бұған дейін, Парламент Мәжілісінің депутаты Мәди Ахметов студенттер жатақханасына қатысты бірқатар ұсыныс айтқан болатын.