Қазақстанда ағаш өнімдерін таңбалайтын пилоттық жүйе іске қосылып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті GIZ-пен бірлесіп, ағаш өнімдерін таңбалау жүйесін енгізу мәселелері бойынша семинар өткізді.

ағаш
Фото: Орман шаруашылығы комитеті

Талқылауға мемлекеттік органдар, кәсіпорындар және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.

Семинар барысында реттеуші әсерді талдаудың негізгі тұжырымдамалары, ағаш өнімдерін іздеу мүмкіндігін енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар таныстырылды. Қатысушылар таңбалауды енгізудің нормативтік және техникалық аспектілерін талқылады.

Семинар қорытындысы бойынша ағаш өнімдерін таңбалау жүйесін келісу және енгізу бойынша нақты қадамдар анықталды.

Пилоттық жоба кейінгі кезеңде ұлттық деңгейге масштабтау мақсатында «Семей орманы» МОТР РММ жүзеге асырылатын болады.

Айта кетейік, Алматыдағы Баум тоғайында ағаштарды заңсыз кескен күдіктілер әлі табылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар