Қазақстанда әкімдер үшін екі жыл сынақ мерзімін енгізу ұсынылды

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әкімдер үшін екі жылдық сынақ мерзімін енгізуді ұсынды.

Бакытжан Базарбек
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Халық қалаулысының айтуынша, аталған мерзім аяқталғаннан кейін өңір басшысының жұмысы нақты макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бағалануы тиіс.

— Нәтиже болмаса — әкім қызметінен кетуі керек, себебі бұл — тиімсіздік көрсеткіші. Менің ойымша, халық дәл осы радикалды тәсілді күтіп отыр, — дейді Бақытжан Базарбек Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Айта кетейік, биылдан бастап барлық аудан әкімдерін халық тікелей сайлайды

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысында қала мен аудан әкімдерінің жұмысы KPI көрсеткіштері бойынша бағаланады

Сондай-ақ биыл сәуірде Еуразиялық интеграция институтында әкімдерді тікелей сайлау институтының дамуы талқыланды

Соңғы жаңалықтар