Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде осы апта ішінде бірталай саяси кадрлық ауыс-түйіс болды.

Аптаның алғашқы күні Абзал Рахымбаев Қарағанды облысы бойынша Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Абзал Рахымбаев мемлекеттік қызметте 2010 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Ол Қарағанды қаласының Кәсіпкерлік бөлімінде экономиканың нақты секторы бойынша бас маман, кейін осы бөлімнің әлеуметтік-экономикалық даму секторының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Әр жылдары Қарағанды қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі мен Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімін басқарды. Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары, Қарағанды облысының Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары болды.
2025 жылдың шілде айынан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Берік Беркімбаев тағайындалды.
Берік Серікұлы 1980 жылдың 1 ақпанында Шымкент қаласында туған, қазақ, білімі жоғары.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын және Шеффилд университетін (Ұлыбритания) бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі — құқықтану, мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат.
Еңбек жолын 2001 жылы Прокуратура органдарында бастады.
2010-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Әділет министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі болды.
Сейсенбі күні Павлодар облыс әкімінің өкімімен өңірлік дін істері басқармасының басшысы болып Нұрлан Байбәкіров тағайындалды.
Нұрлан Жұмабекұлы 1979 жылы Май ауданында дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін «Тарих мұғалімі» және Инновациялық Еуразия университетін «Мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы Май ауданында мұғалім болып бастаған. Әр жылдары Павлодартелерадиода шолушы ретінде және Павлодар облысының тілдерді дамыту басқармасында жұмыс істеді. Облыс әкімінің аппаратында және Ақсу қаласы әкімінің аппаратында қызмет атқарды, мәдениет, жұмыспен қамту, ішкі саясат және дене шынықтыру бөлімдерін басқарды.
Ақсу қаласының Достық ауылдық округінің әкімі, Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы және әкім орынбасары болып еңбек етті. 2023 жылдан Павлодар облысының дін істері басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарды.
Араға 2 күн салып, Ақорда Бақытжан Сапиев Президенттің кеңесшісі болғанын хабарлады.
Білімі:
1988 ж. – Қазақ ауыл шаруашылығы институты;
1999 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясы;
2006 ж. – Экономика және құқық академиясы.
Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы:
1988-1992 жж. – Қазақ ауыл шаруашылығы институтының «Электр және жылу энергиясын ауыл шаруашылығында қолдану» кафедрасында лаборант, ассистент, аға оқытушы;
1992-1993 жж. – Алматы қ. Алатау аудандық әкімшілігінің құрылыс бөлімінде маман, бас маман;
1993-1997 жж. – Алматы қ. Алатау аудандық әкімшілігінің экологиялық инспекциясы бөлімінің бастығы;
1997–1998 жж. – Алматы қ. Әуезов ауданы әкімі аппаратының эколого-санитарлық инспекциясы бөлімінің бастығы;
1998-2008 жж. – Алматы қ. Бостандық ауданы әкімінің орынбасары;
2008-2012 жж. – Алматы қаласы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы;
2018-2019 жж. – Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы – мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор;
2019-2020 жж. – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары;
2020-2023 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінде мемлекеттік инспектор, бөлім меңгерушісінің орынбасары;
2023 жылғы 22 қыркүйектен – ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі.
Ал ең көп ауыс-түйіс жұмыс аптасының соңында болды. Ең әуелі Мұрат Нұртілеу Президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Мұрат Нұртілеудің еңбек жолы:
ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташе (1998 ж)
ҚР Малайзиядағы Елшілігінің атташесі (1999-2003 жж)
ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы (2003-2004 жж)
ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі (2004-2006 жж)
ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы (2007 ж)
ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары; Аппарат басшысы (2007-2011 жж)
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (2011 ж)
ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры (2011 ж)
ҚР Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкілі (2011-2014 жж)
ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары (2014-2016 жж)
ҚР Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2016-2019 жж)
ҚР Президентінің көмекшісі (2019-2021 жж)
ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2021-2022 жж)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары (2022 ж)
ҚР Әкімшілігінің Басшысы (2022-2023 ж)
ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — сыртқы істер министрі (2023 ж. 3 сәуір)
ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — сыртқы істер министрі (2024 жылғы 6 ақпан).
Артынша Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
Ермек Көшербаевтың еңбек жолы:
Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің құпия құжаттарды басқару жөніндегі аға инспекторы (08.1988-09.1988 жж);
Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің көмекшісі (09.1988-10.1989 жж);
Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз және ақпарат бөлімінің бірінші хатшысы (11.1989-06.1990 жж);
Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің консулдық бөлімінің бірінші хатшысы (06.1990-09.1991 жж);
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Азия елдері басқармасының бірінші хатшысы (05.1993-08.1993 жж);
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы (08.1993-12.1993 жж);
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасы бөлімінің меңгерушісі (12.1993-06.1994 жж);
Қазақстан Президенті Аппаратының халықаралық бөлімінің кеңесшісі (06.1994-01.1996 жж);
Қазақстан Президентінің Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы (01.1996-04.1996 жж);
Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Берн қаласы (04.1996-08.1997 жж);
Алматы қаласындағы көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімі бастығы (08.1997-10.1997 жж);
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі (10.1997-11.1999 жж);
«Нұрсұлтан Назарбаев Білім қоры» қоғамдық қорының коммерциялық және жалпы мәселелер жөніндегі директор орынбасары (01.2000-05.2000 жж);
«Нұрсұлтан Назарбаев Білім қоры» қоғамдық қорының бірінші директор орынбасары (05.2000-10.2000 жж);
«ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің жетекшісі (10.2000-01.2001 жж);
«ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы президентінің аппарат жетекшісі (01.2001-06.2001 жж);
«Мұнай және газ тасымалы» ұлттық компаниясының аппарат жетекшісі (06.2001-03.2002 жж);
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы президентінің аппарат жетекшісі (03.2002-01.2003 жж);
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бірінші вице-президентінің кеңесшісі (01.2003-03.2003 жж);
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы президентінің аппарат жетекшісі (03.2003-12.2003 жж);
«Рауан Медиа Групп» АҚ бас директоры (12.2003-05.2004 жж);
«Отан» республикалық саяси партиясы орталық аппаратының бірінші жетекшісінің орынбасары (05.2004-08.2004 жж);
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы президентінің аппарат жетекшісі (08.2004-04.2005 жж);
«Атамекен» кәсіпкерлер және жұмыс берушілер ұлттық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің бірінші атқарушы директоры (04.2005-05.2006 жж);
«Отан» республикалық саяси партиясының орталық аппаратының жетекшісі (05.2006-02.2007 жж);
«Бүркіт» қаржы-өнеркәсіп тобы» ЖШС директоры, Астана қаласы (02.2007-07.2007 жж);
Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығы «KazEnergy» атқарушы директоры, Астана қаласы (11.2007-04.2008 жж);
«Рауан Медиа Групп» АҚ бас продюсері, Астана қаласы (04.2008-05.2008 жж);
«Рауан Медиа Групп» АҚ бас директоры, Астана қаласы (05.2008-02.2009 жж);
«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы, Семей қаласы (02.2009-07.2010 жж);
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы (07.2010-09.2010 жж);
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (09.2010-10.2012 жж);
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (10.2012-12.2014 жж);
Қазақстан Ауыл шаруашылығы вице-министрі (12.2014-10.2016 жж);
Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы (10.2016-05.2018 жж);
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы (05.2018-01.2019 жж);
Сыртқы істер министрінің орынбасары (01.2019-01.2020 жж);
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.2020-16.06.2023 жж);
Шығыс Қазақстан облысының әкімі (16.06.2023-14.02.2025);
Премьер-министрдің орынбасары болды 14.02.25-26.09.2025.
Ал Ержан Ашықбаев Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Ержан Нигматоллаұлының білімі: 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, халықаралық қатынастар саласының маманы, екі шет тілін меңгерген референт-елтанушы.
2012 жылы Гарвард университетінің Дж. Ф. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебі магистратурасының мемлекеттік басқару мамандығын бітірген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.
1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Төртінші департаментінің Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті.
Ағылшын, түрік және француз тілдерін меңгерген.
І-сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.
1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы. 2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Экономикалық саясат департаментінің Еуропа және Америка елдерімен экономикалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы.
2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы. 2005 жылғы наурыздан маусымға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары.
2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Кеңсесінің жетекшісі. 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы.
2009-2011 жылдары Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі. 2012 жылғы қыркүйектен қазанға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары.
2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.
2013 жылғы желтоқсаннан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2021 жылдан бері Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және өкілетті елшісі.
Осы аптадағы кадрлық ауыс-түйіс Салтанат Томпиеваның жаңа қызметімен түйінделді. Ол ИКАО Ассамблеясы 42-сессиясының Әкімшілік комиссиясы төрағасының орынбасары болып сайланды.
Еске сала кетейік, бұған дейін өткен аптада болған кадрлық тағайындаулардың тізбегін жариялаған едік.