19:34, 16 Қараша 2025 | GMT +5
Қазақстанда блогер Mellstroy-ға іздеу жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Астананың Экономикалық тергеу департаменті стримерді іздеуге кірісті.
Іздестіру туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында жарияланды.
Хабарламаға сәйкес, 26 жастағы Андрей Буримге қатысты іс 15 қарашада Астанада тіркелген. Істі AFM бастады. Алайда себептері әлі жарияланған жоқ.

Mellstroy лақап атымен танымал Андрей Бурим – Беларусьтен келген стример, блогер. Оның аудиториясы – негізінен ТМД елдерінің жастары.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан полициясы Екатерина Биволға іздеу жариялағанын жазған едік.