Қазақстанда бір грамм алтын қанша тұрады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда алтын бағасы соңғы аптада өсті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Цены на золото впервые в истории превысили $5200 за унцию
Фото: Baku.ws

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 16 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда бір грамм алтынның бағасы 73 133,53 теңгені құрады. 

Бір апта бұрын баға 69 306,80 теңге болған. Осылайша, бағалы металл соңғы аптада 3 826,73 теңгеге қымбаттады. 

Айта кету керек, Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғаннан бері алтын бағасы өзгеріп отырды. Негізінен, ол өсті. Сарапшылар бағаның одан әрі өсуін болжап отыр. Қазіргі уақытта бағалы металдың бір грамының бағасы шамамен 70 098 теңгені құрайды.

Kazinform бұған дейін елдің алтын-валюта қорларының жағдайын, сондай-ақ алтын өндірудің қазіргі жағдайын талдаған болатын.

Ал Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев осыған дейін елімізде алтын өндіру көлемі төмендегенін мәлімдеген болатын.

Экономикалық және саяси белгісіздік жағдайында әлемдік нарықтарда алтынға деген қызығушылық артып келеді. Талдаушылар жақын арада бағалы металл бағасының одан әрі өсуін жоққа шығармайды

Соңғы жаңалықтар