Қазақстанда бір грамм алтынның құны қанша

АСТАНА. KAZINFORM — Желтоқсан айының соңында Қазақстанда алтын бағасы апталық ең жоғары деңгейге жеткеннен кейін төмендеді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

2025 жылғы III тоқсанда 8 000-нан астам алтын құйма сатылды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Қазақстан Ұлттық банкінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы деректеріне сәйкес, бір грамм алтынның бағасы 70 924,74 теңгені құрады. Ал бір күн бұрын, 30 желтоқсанда, бағалы металл 72 342,20 теңге болған.

Салыстыру үшін айта кетсек, 25 желтоқсанда алтынның бір граммы 73 615,20 теңгеге дейін қымбаттаған.

Бұған дейін хабарланғандай, желтоқсан айының соңында алтын мен күміс тарихи максимумдарын жаңартты: күміс бағасы бір унциясы үшін 75 доллардан, ал алтын 4531 доллардан асты.

Жыл қорытындысы бойынша алтынның бағасы шамамен 70 пайызға, ал күмістің құны 150 пайыздан астам өскен. Мұндай күрт жылдық өсім нарықта 1970-жылдардың соңынан бері алғаш рет байқалып отыр.

Сонымен қатар, күміс тек дағдарыс кезеңіндегі қорғаныш металл ретінде ғана емес, маңызды өнеркәсіптік ресурс ретінде де қымбаттауп келеді: ол жартылай өткізгіштер мен жасанды интеллект дамуына негіз болып отырған дата-орталықтарға арналған жабдықтар өндірісінде кеңінен қолданылады.

Бұдан бұрын түркістандық әйел өз үйінен 8,5 млн теңгенің алтынын қолды еткенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар