Қазақстанда ер мен әйел арасындағы жалақы айырмашылығы көп елдерден жоғары

АСТАНА. KAZINFORM – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ерлер мен әйелдер жалақысының ең төменгі айырмашылығы сақталатын 10 елді атады. Қазақстанның көрсеткіштері ЭЫДҰ елдеріне қарағанда әлдеқайда жоғары.

жалақы
Фото: Kazinform

Осылайша 2022 жылдың қорытындысында ерлер мен әйелдердің ең төменгі жалақы айырмашылығы бойынша Норвегия, Бельгия және Коста-Рика көш бастап тұр.

10 елдің толық тізімі:

* Норвегия (айырмашылық 0,4%);
* Бельгия (1,1%);
* Коста-Рика (1,4%);
* Колумбия (1,9%);
* Ирландия (2%);
* Хорватия (3,2%);
* Италия (3,3%);
* Норвегия (4,5%);
* Дания (5,8%);
* Португалия (6,1%).

ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш 11,6% құраған.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанда ерлер мен әйелдердің жалақысындағы айырмашылық 25,2% дейін жеткен.

Ерлердің орташа айлығы — 355 296 теңге, әйелдерде — 265 762 теңге болған. 

Әсіресе, жалақының ең үлкен айырмашылығы Маңғыстау (50%), Атырау (46,2%) және Ұлытау (40,5%) облыстарында байқалады.

Барлық үш аймақта ер адамдар көбірек ақша табады. 

Алайда, әйелдердің орташа жалақысы 3,1%-ға жоғары бір аймақ бар.

Бұл — Жетісу облысы.

Онда әйелдердің ай сайынғы жалақысы — 232 907 теңге, ерлерде — 225 983 теңге.

Соңғы жаңалықтар