Қазақстанда қанша колледж бар

АСТАНА. KAZINFORM — 2025-2026 оқу жылының басына Қазақстанда 559 колледж жұмыс істеді. 

Как IT-технологии в колледжах Алматы меняют рынок труда
Фото: ХИТУ колледжі

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, колледждердің басым бөлігі Алматы қаласында орналасқан — 79, одан кейін олардың саны Түркістан мен Қарағанды облысында көп, тиісінше 38 және 37 колледж.

Колледждердегі білім алушылар саны оқу жылының басында 355,2 мың адам болды, оның ішінде 150,8 мыңы — әйелдер.

Колледже оқитын студент саны Алматы қаласында ең көп — 76 мың адам, одан кейін Шымкентте — 40,1 мың және Түркістан облысында — 30 мың адам.
Биылғы оқу жылында колледждерге бірінші курсқа 133,9 мың адам түсті. Олардың негізгі бөлігі инженерлік, өңдеу және құрылыс технологиялары саласындағы мамандықтарды таңдады — 51,2 мың адам. Олардың ішінде көлік жөндеу мамандығы бойынша оқуға түскендер — 9,5 мың, дәнекерлеу ісі — 5 мың, тігін ісі — 4,3 мың оқушы.

Одан кейін әртүрлі қызмет мамандықтары бойынша түсушілер көп болған — 22,4 мың адам, оның ішінде ең көп оқушы тамақтандыру ісі мамандығын таңдаған — 12,7 мың адам.

Коллежде білім алушылар арасында Өзбекстаннан және Ресейден келгендер көп, сәйкесінше 1,2 мың және 1 мың адам.

Айта кетейік, мектептер мен колледждерде «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Ақтауда дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжі ашылды.

Соңғы жаңалықтар