Қазақстанда қазір қай жолдар жабық тұр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Қазақстанда қазір қай жолдар жабық тұр
Фото: Мақсат Ша,ырбаев / Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 26 қаңтар сағат 18:00-дегі
жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты үш облыстағы республикалық маңызы бар сегіз автомобиль жолында көлік қозғалысы уақытша шектелді:

Атырау облысы

* «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 179-210-шақырым аралығы (Майкөмген ауылы – Маңғыстау облысының шекарасы).

Шығыс Қазақстан облысы

* «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1104-1191-шақырым аралығы (Глубокое ауылы – Шемонаиха қаласы).

Маңғыстау облысы

* «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай –Ақтау» автожолының 338-632-шақырымы аралығы (Бейнеу ауылы – Шетпе ауылы);

* «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 632-718-шақырым аралығы (Шетпе ауылы – Жетібай елді мекені);

* «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 718-786-шақырымы аралығы (Жетібай ауылы – Ақтау қаласы);

* «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 210-332-шақырым аралығы (Атырау облысы шекарасы – Бейнеу ауылы);

* «Жетібай – Жаңаөзен – Түрікменстан Республикасы шекарасы» автожолының 0-58-шақырым аралығы (Жетібай ауылы – Жаңаөзен қаласы);

* «Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автожолының 91-161-шақырым аралығы (Таушық ауылы – Шетпе ауылы);

* «Ақтау – Құрық» автожолының 13-72-шақырым аралығы (Ақтау қаласы – Құрық ауылы);

* «Құрық – Жетібай» автожолының 0-68-шақырым аралығы;

* «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан Республикасы шекарасы» автожолының 0-85-шақырым аралығы.

Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 625 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Еске салайық, бұған дейін ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты Атырау мен Маңғыстау облысында көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар