Қазақстанда колледждерде мемтапсырыс жасаудың жаңа ережесі әзірленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастырудың жаңа ережесі әзірленді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік кадрлар бойынша экономиканың орта әрі ұзақ мерзімдегі қажеттігінің болжамын, өңірлік еңбек нарығын және жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласын ескере отырып, мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастурдың ережесін әзірледі. Тиісті бұйрық Әділет министрлігіне тіркеуге жолданған», - деді вице-министр Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар ол колледждерге дербестік ұсыну мәселесіне тоқталды.

«Әлемдік экономиканың дамуы мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында жалпы адами капитал сапасы маңыздылығының артуы жағдайында министрлік колледждерде жастарды негізгі дағдылармен әрі құзыреттермен қамтамасыз етуді мақсат етіп қойды. Бүгінде колледждерге академиялық дербестік беруде алғашқы қадамдарды жасадық. Бұл өз кезегінде білім беру бағдарламаларының сапасын көтереді», - деді Б. Асылова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Білім министрлігі колледждерде мамандарды даярлаудың проблемаларын атады.


Соңғы жаңалықтар