Қазақстанда мектепалды ұйымдардың саны 3956 жетті
деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстанда «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы мектепалды ұйымдардың саны 3956 бірлікті құрады, оның - 991 балалар бақшасы және 2965 - шағын орталықтар», - делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.
Желі санының өсуі 26,5 мың орындық 122 балалар бақшасын салумен, 105,9 мың орындық 2965 шағын-орталық және 30 мың орындық 336 жекеменшік балалар бақшасын ашумен және 7533 балалар бақшасына 75,4 мың қосымша орын қосу арқылы қамтамасыз етілді.
Қазіргі кезде мектепалды ұйымдар санының артуына негізінен шағын орталықтар желісінің - 65,8 және балалар бақшаларының - 34,1 пайыз дамуына байланысты қол жеткізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында берілген тапрсырмалар негізінде мектепке дейінгі білім беруді дамыту мақсатында әзірленген.