Қазақстанда пластикалық операция жасайтын 262 клиника бар
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта пластикалық операция жасауға лицензия жеке медициналық практикамен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға берілетінін мәлім етті.

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында медициналық қызметке бірқатар талап қояды, негізгі талаптың бірі — медициналық қызметті міндетті лицензиялау.
— Бұл - медициналық қызмет халық үшін өте маңызды, сонымен бірге оған үлкен жауапкершілік жүктелген. Пластикалық хирургиямен айналысу үшін бірінші кезекте лицензия болуы шарт. Лицензия мен оған қосымшаны медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері лицензиаттың орналасқан жері бойынша береді, — делінген жауапта.
Оны алу үшін мына біліктілік талаптарына сай болу қажет:
- санитариялық қағидаларға сәйкес келетін бөлме. Лицензияны (оған қосымшаны) алғанға дейін санитариялық — эпидемиологиялық қорытындысы болуы қажет;
- мамандар: тиісті мамандық бойынша сертификатың болуы;
- мәлімделген медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру;
- медициналық оңалтуды көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес жұмыс істеп тұрған медициналық және (немесе) арнайы жабдықтарды,
көлік және басқа да құралдарды қамтиды. - нысан (өндірістік база) санитарлық ережелерге сәйкес болуы керек;
- дара кәсіпкерлер үшін медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ұсынған мәліметке сенсек, Қазақстанда 3 416 емдеу мекемесі хирургиялық медициналық қызмет көрсетеді, оның ішінде 262-сі пластикалық хирургия қызметін ұсынады.
Осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігі тиісті сертификаттар мен лицензиясыз пластикалық ота жасаған мекеменің заң алдындағы жазасы қандай болатынын түсіндірген еді.
Сондай-ақ пластикалық хирург Гүлмира Қобландина сұлулық салонында пластикалық операция жасайтындардың көбейгенін айтты.
Еске салайық, былтыр Алматыда артық салмақтан арылу үшін липосакция жасатқан әйел көз жұмды.
Бұдан бөлек, 2018 және 2020 жылдары Алматыда артық майдан арылғысы келген екі әйел ажал құшқан еді.