Қазақстанда QR-коды бар туристік карталар енгізілді
АСТАНА. KAZINFORM – Шетелдіктер Қазақстанға келгенде QR-коды бар туристік карта алады, сондай-ақ осындай карталар шекаралық бақылаудан өткенде беріледі.

ҚР Ішкі істер министірлігінің хабарлауынша, бұл карталар туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және туристік инфрақұрылымды жетілдіру бағытындағы кешенді шаралардың бір бөлігі.
Бүгінгі таңда карталар Астана мен Алматының халықаралық әуежайларында және Түркістан облысындағы «Қапланбек» шекара бекетінде беріледі.
Сонымен қатар шетелдіктерге ыңғайлы болуы үшін safetravel.kz сайты іске қосылды.
QR-код арқылы нені іздеп табуға болады:
· полициямен шұғыл хабарласу үшін «102» (SOS қызметі бар) қосымшасын орнату жолын;
· тіркеу мен миграциялық бақылау бойынша жадынама;
· такси сервистері мен жолдың бағасына дейін көрсетілетін қосымшалар;
· ұялы операторлар мен SIM-карталардың бағасы;
-Бұл бастама өзінің тиімділігін көрсетіп, әрбір туриске Қазақстанда өзін қауіпсіз сезініп, сенімді болуына көмектесті, -деді ҚР ІІМ өкілдері.
Осыған дейін министрлік туризм саласына арналған цифрлық статистика жүйесін енгізгелі жатқанын хабарладық.