Қазақстанда ресейлік нөмірлі көлік жүргізушілерін себепсіз тоқтатпайтыны рас па

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің Ішкі істер министрлігі «ресейлік нөмірлі көлік жүргізушілерін жол ережесін бұзбаған жағдайда тоқтатпайды» деп тараған ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейбір БАҚ-та «ресейлік нөмірлі көлік жүргізушілерін жолда жүру ережесін бұзбаса тоқтатпайды» деген ақпарат тарады. Осыған орай түсіндіріп өткім келеді. Бүгінде Қазақстанда шамамен 120 мың ресейлік нөмірлі көлік жолда жүру заңына қайшы келмейді. Ол көлік иелері ел аумағында 1 жылға дейін кедергісіз жүре алады. Ал Ресейде есептен шығарылып, бірақ Қазақстанда тіркелмеген көліктің саны 80 мыңдай. Аталған көлік иелеріне жолда жүруге тыйым салынады. Олар жол-көлік заңын бұзып жатыр», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасының басшысы Юрий Козлов.

Айта кетсек, бұған дейін министрлік ресейлік нөмірлі көліктерді тіркеуде ешқандай жеңілдіктің болмайтынын мәлімдеген еді.

Сондай-ақ, Қазақстанда Ресей нөмірімен жүрген автомобильді қалай тіркеуге болатыны айтылды.


Соңғы жаңалықтар