16:40, 20 Ақпан 2013 | GMT +5
Қазақстанда Республикалық жастар ұйымдарын дамыту стратегиясының жобасы әзірленді
АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанда Республикалық жастар ұйымдарын дамыту стратегиясының жобасы әзірленді.

Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы жастар ұйымдарын дамыту бойынша үйлестіру кеңесінің отырысында Жастар ісі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Өтешев мәлім етті.
«Біз Республикалық жастар ұйымдарын дамыту стратегиясының жобасын әзірледік. Ол тиісті мемлекеттік органдардың қарауына енгізілді. Бұл тұрғыда біз бірінші кезекте мемлекеттік органдар тарапынан жастар саясатын жүзеге асыруда кешенді қадамдарды қамтамасыз етудің маңыздылығын көріп отырмыз»,-деп түсіндіріп өтті ол.
Н. Өтешевтің айтуынша, 2014 жылдың аяғына дейін барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өздерінің стратегиялық жоспарларында жастармен жұмыс бойынша бөлімді белгілеуі тиіс.