Қазақстанда робот сот орындаушы іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM — Әділет министрлігі республикалық ЖСО палатасымен бірлесіп, Тараз қаласында оңтайландырылған атқарушылық өндірісті енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

робот
Фото: Pixabay

Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда оның 25%-ға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын.

Енді бұл қызметті робот тегін атқарады.

Жаңа жобаның арқасында ел азаматтары 2 млрд теңгеге дейін үнемдей алады.

Жүйе алгоритмі мына тәртіппен жұмыс істейді:

  • Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 50 күн ішінде төленбеген әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл сомасын өндіріп алу туралы ұйғарым жібереді.
  • Робот 5 күнтізбелік күн ішінде талапты орындау қажеттігі туралы SMS хабарлама жібереді.
  • Айыппұл бойынша ерікті төлем болмаған жағдайда, жүйе жеке сот орындаушысына мәжбүрлеп орындауға атқару парағын ұсынады.
  • Төлем уақтылы жүргізілсе, атқарушылық іс жүргізу артық шығынсыз тоқтатылады.

Жоба сәтті жүзеге асатын болса, оны бүкіл Қазақстан аумағына енгізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар