Қазақстанда самокат тізгіндегендерге қосымша шектеу әзірленеді
АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрлігі заңнамадағы олқылықтарды түзетіп, барлық тарап үшін түсінікті ереже қалыптастырмақ. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлім етті.

— Бұл жұмысқа ең басынан бастап кірістік. Иә, заңнамадағы олқылықтар тиісті әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді, сондықтан осы маусымда депутаттық түзетулер болады. Заңнамадағы олқылықтарды түзетіп, жүргізушілер үшін де, полицейлер үшін де, басқа тарап үшін де түсінікті ереже қалыптастыруға бағытталады. Әзірге нақты айта алмаймын, бірақ мемлекеттік тіркеу болмайды, — деді Игорь Лепеха Мәжілістің кулуарында.
Осы орайда самокатшылар жылдамдықты арттырса — тәртіп бұзушылық.
— Каршеринг компанияларының иелерімен талқылау болғанда, олар саябақта, тротуарда жылдамдықты шектейміз деген. Өкінішке қарай, бұл орындалмады. Сондықтан қазір депутаттармен жұмыс тобы аясында қосымша шара қабылданады. Каршеринг компаниялары талапты ерікті түрде қабылдамаса, шамасы, заң жүзінде шектеуге тура келеді. Бірақ, қалай және қай бағытта болатынын айту әзірге айту қиын, — дейді ол.
Бүгін Мәжілісте «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалар, Астана бюджеті арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферт көлемі туралы заң жобасы таныстырылып жатыр.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы биыл Қазақстан халқына Жолдауында электросамокат мәселесіне тоқталған еді.
Сондай-ақ самокат тізгіндегендердің әрекеті үшін кикшеринг компаниялар жазалануы мүмкін екені туралы жазған едік.