Қазақстанда сыра, мотор майы сынды өнімдер таңбаланбақ
АСТАНА.KAZINFORM — Сауда және интеграция министрінің бұйрығы негізінде бірқатар тауар тізіміне өзгерістер енгізу ұсынылған. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Жаңа тауарлар тізіміне келесі тауарларды қосу жоспарланып отыр:
-
Пиво;
-
Мотор майлары;
-
Жеңіл өнеркәсіп тауарлары;
-
Ақбөкеннің мүйізі
Құжатта көрсетілгендей, тізімнің жаңа тауарлармен толығуы тауар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Документ «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында 8 қазанға дейін жария талқылауға шығарылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда міндетті түрде таңбалауды қажет ететін тауарлар қатарында темекі өнімдері, аяқ киім және дәрі-дәрмектер бар.
Айта кетейік, бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі саудадағы ашықтық пен сапа мәселесінде цифрлық таңбалаудың тиімділігі артқанын мәлімдеген еді.