Қазақстанда тағы бір форум өтпейтін болды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ауқымды су тасқынына байланысты 25-26 сәуірге жоспарланған Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумын өткізбейтін болды.

Министрліктің хабарлауынша, форум 2025 жылға ауыстырылады.
«Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, министрлік зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және жүзеге асыру жөніндегі жауапты орган болып тағайындалды. Министрлік іс-шараға қызығушылық танытқаны үшін шынайы алғысын білдіреді және оның тоқтатылуына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», - деп хабарланды министрлік сайтында.
Бұған дейін Мемлекет басшысы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдаған еді.