Қазақстанда техникалық байқау жүргізуге рұқсат беретін уәкілетті орган анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде техникалық байқау операторларының қызметіне екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті орган айқындалды. Бұл туралы қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. 

Қазақстан жемқорлыққа белшесінен батқан ел дейтін түсінік шындыққа жанаспайды – Президент
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі техникалық байқау операторларының қызметіне екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті орган болып белгіленсін», - делінген құжатта. 

Жоба 2024 жылғы 3 қазанда қабылданған көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша «Жол қозғалысы туралы» заң шеңберінде әзірленді.

Қаулы 2025 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі, ал 18 қарашаға дейін жұртшылық талқысына ұсынылып отыр.

Айта кетейік, қыркүйекте автокөлікті техникалық байқаудан өткізу сапасын тиімді бақылаудың жаңа тетіктері әзірленетіні туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ, біздің агенттік ел өңірлерінде автокөлікті техникалық байқаудан өткізу бағасына шолу жасаған еді. 

 

Соңғы жаңалықтар