Қазақстанда тоғыз айда 7 жаңа қазандық пайдалануға берілді

АСТАНА. KAZINFORM — Қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда жалпы қуаты 56 Гкал/сағ болатын 7 қазандық пайдалануға берілді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті. 

Қазақстанда тоғыз айда 7 жаңа қазандық пайдалануға берілді
Фото: Kazinform/ЖИ

Оның ішінде Ақмола және Алматы облыстарында екі қазандықтан, Қарағанды және Түркістан облыстарында бір-бір қазандықтан іске қосылды.

Абай облысында қуаты 23,5 Гкал/сағ болатын ең қуатты қазандық пайдалануға берілді.

Аталған жылумен жабдықтау нысандарының жалпы құны 8,6 млрд теңгені құрады.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде өткен жылыту маусымында тұрғын үйлерде 3 359 өрт тіркеліп, 175 адам қаза тапқанын жаздық.


Энергетика министрлігі биыл 9 энергоблок пен 55 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізілетінін хабарлаған еді.