Қазақстанда жоғары оқу орындарына жаңа біліктілік талаптары бекітілді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және растайтын құжаттар тізімі бекітілді, деп хабарлайды Kazinform.
Негізгі біліктілік талаптарына мыналар жатады:
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының болуы.
- Оқу тілдері бойынша білім беру бағдарламаларының 100% пәндерін қамтамасыз ететін баспа және (немесе) электронды басылымдар форматында оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің кітапхана қорының болуы («Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» саласы кадрларын даярлау бағыттары үшін – бейіндеуші цикл пәндерін қоспағанда).
- Оқу корпустарын жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз ету. Медициналық қызметке лицензияның болуы. «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» саласында кадр даярлауды іске асыратын жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымы үшін – білім алушыларға медициналық қызмет көрсетілуі.
- Оқу корпустарында білім алушылардың тамақтануы үшін жағдай жасау.
- Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті оқу корпустарының болуы:
1) Мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымына меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында кемінде 5% тиесілі болуы;
2) Санитарлық қағидаларға сай келетін алаңы бар оқу ғимараттарының болуы;
3) өрт қауіпсіздігі қағидаларына сай келуі;
4) Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымының үй-жайлары мен іргелес аумақтарын бейнебақылаумен қамтамасыз ету;
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін білім беру қызметтеріне кедергісіз тең жағдай жасау:
1) кіру жолдарының, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдарының болуы, баспалдақтарды пандустармен немесе көтергіш құрылғылармен қайталау, баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды контрастты бояумен бояу, мүгедектігі бар адамдар үшін автокөлік құралдарын тұраққа қою үшін орын бөлу;
2) оқыту құралдарымен, оқу әдебиеттерімен, бейімделген бағдарламалармен жабдықталған арнайы кабинеттің болуы;
3) инклюзивті білім беру әдістемесі бойынша біліктілікті арттыру курстарынан немесе тағылымдамадан/қайта даярлаудан өткен мамандардың болуы.
- Сымсыз технологиялар, компьютерлік кабинеттер, мамандандырылған лицензияланған бағдарламалық қамтаманы қоса алғанда, кең жолақты интернеттің болуы;
- edu.kz аймағында үшінші деңгейлі домендік атаудың болуы.
- Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымының ақылы негізде 1 білім алушыға ең төменгі шығындарының мемлекеттік білім беру тапсырысы құнының кемінде 50%-на сай болуы.
- Оқытушылардың кемінде 3 жылда 1 рет кемінде 72 сағат біліктілігін арттырудан өтуін қамтамасыз ету.
- Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшыларының және оның менеджмент саласындағы орынбасарының 3 жылда кемінде 1 рет біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.
- Білім беру бағдарламасына сәйкес, кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық және (немесе) ғылыми-әдістемелік және (немесе) шығармашылық және (немесе) эксперименттік базамен қамтамасыз ету.
- Тұру үшін жағдай жасау (жатақханалармен/[хостелдермен/ қонақ үйлермен қамтамасыз ету).
- Білім туралы берілген құжаттардың, сондай-ақ дипломдық жұмыстардың, магистрлік диссертациялардың (электронды базаға немесе ақпараттық ресурстарға қол жеткізу) жұмыс істейтін электронды деректер базасының (мұрағат) болуы.
Сонымен бірге, бұл бұйрық Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымының білім беру қызметіне философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, бакалаврларды, магистрлерді, резидентураны, жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша даярлау үшін, сондай-ақ онлайн оқыту жүргізетін студенттерге қойылатын бейіндік біліктілік талаптарын белгілеген.
Құжат халықаралық және шетелдік оқу орындарының да білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын қамтиды.
Жалпы біліктілік талаптарынан бөлек, олар мынадай шарттарға сәйкес келуі керек:
- Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған оқытушылардың ғылыми дәрежесі бейінінің (ғылым кандидаты/ғылым докторы/философия докторы PhD/бейіні бойынша доктор) оқытылатын пәндер бейініне сәйкестігі.
– Негізгі жұмыс орны лицензиат болып саналатын оқытушылар үлесі білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санының кемінде 50% құрауы керек.
- Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми (академиялық) дәрежесі (ғылым кандидаты/ғылым докторы/философия докторы PhD/бейіні бойынша доктор) және (немесе) ғылыми атағы бар лицензиат негізгі жұмыс орны болып саналатын білім беру бағдарламалары бөлінісінде оқытушылардың үлесі және кадрларды даярлау бейіні және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атағы бойынша ҚР мемлекеттік наградаларына ие болған оқытушылар кемінде 70% болуы керек.
- Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған, ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін ғылыми (академиялық) дәрежесі (ғылым кандидаты/ғылым докторы/философия докторы PhD/бейіні бойынша доктор) бар оқытушылардың болуы, олардың халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда кемінде 2 мақаланың авторы, JCR (ЖЖЖ) деректері бойынша импакт-факторы бар және Web of Science Core Collection дерекқорында индекстелетін (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index немесе Scopus дерекқорында citescore бойынша кемінде 25 пайыздық көрсеткіші болуы.
- Азаматтық заңнамаға сәйкес, білім беру бағдарламаларының бейіні бойынша практика базалары бар шарттардың болуы.
Бұйрық 2024 жылдың 12 наурызында күшіне енеді.