Қазақстандағы 6,5 млн балаға тағы 35 ПМПК қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Оқу-ағарту министрлігінң аппарат кеңесінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қызметін дамыту мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Күдеринованың мәліметінше, Қазақстанда ПМПК желісінің аздығы ерекше білім беруді қажет ететін балалардың мүмкіндігін шектеп отыр.

«Келесі жылдан ПМПК мамандарына біліктілікті арттыру крустарын енгіземіз. Екіншіден, осы жұмысты сапалы өткізу үшін ПМПК-лар желісін кеңейту керек. 2019 жылдан бастап ПМПК желісі жаңа 20 жаңа нысанмен толықты. Бұл – жақсы көрсеткіш. Бірақ бүгінгі таңда кей өңірлерде 50-60 мың балаға 1 ПМПК ашылу керектігі туралы Президент тапсырмасы шешімін таппай отыр. Нақты айтсақ, елдегі 6,5 млн балаға 124 ПМПК жұмыс істеуі керек. Ал қазір өңірлерде 89 ПМПК жұмыс істейді. Тағы 35 ПМПК ашу керек», -деді орталық директоры.

Айтуынша, 2022-23 жылдары 15 ПМПК ашу көзделген. Қалғаны 20-сының қашан ашылатыны әлі белгісіз.

«Мысалы, Түркістан облысында 15 ПМПК, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстары мен Алматы Шымкент қалаларында үш-үштен ПМПК, Астана қаласы мен Алматы облысында 2 ПМПК ашу керек. Бұл - бүгінгі бала санымен алғандағы есеп. Ал бала саны жыл сайын өсіп жатқанын ескеру керек. ПМПК-ға кезекте тұрған бала санына мониторинг жүргіздік. Жалпы ПМПК-ға кезекте 9 мыңға жуық бала тұр. ПМПК желісі жетпейтін өңірлерде кезекте тұру мерзімі 2 айға дейін созылады. Түркістан облысында 11 ПМПК жетпесе де, кезекте тұрған балалар жоқ. Бұл өңірде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды анықтау жұмысының төмен екенін көрсетеді», - деді ол.

Ұлттық орталық директоры аталған кезекті сейілту үшін Қазақстан бойынша ПМПК-ға бірыңғай кезек қалыптастыруды ұсынды.

«ПМПК мамандарының штатын кеңейту қажет. Бүгінгі таңда ПМПК-нің штат кестесі бойынша 1 логопед, 1 психолог, 1 дефектолог, 1 медициналық маман жұмыс істеп жатыр. Әрине, ол жеткіліксіз. Сондықтан өзгеріс енгізіп, әр штатқа екі маманнан енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл ПМПК-ларға түкен дейін ғана емес, түстен кейін де, яғни, толық жұмыс күнінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, онлайн консультация мен тексеріс жүйесін енгізу ұсынылады», - деді Әйгерім Күдеринова.


Соңғы жаңалықтар