Қазақстандық 10 теннисші әлемдегі ТОП-100-дің қатарына кірді

Қазақстандық 10 теннисші әлемдегі ТОП-100-дің қатарына кірді, деп хабарлайды Kazinform. 

Қазақстандық 10 теннисші әлемдегі ТОП-100-дің қатарына кірді
Фото: Sports.kz

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, WTA рейтингісінде Елена Рыбакина 4-орынға тұрақтады.

Юлия Путинцева жылды 69-сатыда аяқтайтын болса, жұптық сында Анна Данилина 56-да тұр.

Ерлер арасында АТР рейтингісінде Александр Бублик әлемнің 32-ракеткасы болса, жұптық сында Александр Недовесов – 44, Андрей Голубев 61-орынға жайғасты.

Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде үздік жүздікке екі теннисші енді. Әмір Омарханов – 57, Асылжан Арыстанбекова 66-сатыда бекіді.

14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe рейтингісінде Ева Корышева 50-інші, Томирис Нұржан 91-ракетка болып тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Үндістандағы турнирдің келесі айналымына өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ теннисші Денис Евсеев Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты.

Соңғы жаңалықтар