Қазақстандық банктің Ташкенттегі филиалынан 90 мың доллар ұрланды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Алаяқтар «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының еншілес Tenge Bank-тің Ташкенттегі филиалынан 90 мың доллар ұрлаған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі
Фото: Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі

Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сай, құқық қорғау органдарына ақша ұрлығы туралы арыз биыл маусым айында түскен. Тергеу барысында анықталғандай, алаяқтар POS-терминалға жалған деректерді енгізген, кейін банкке барып, 90 мың долларды қолма-қол алып кеткен.

Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі
Фото: Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі

Ішкі істер басқармасының қызметкерлері ақша ұрлады деген күдікпен 9 адамды ұстады. Қолға түскендердің бірі мұндай алаяқтық схеманы Telegram арналары арқылы тауып, оны толық зерттегенін айтты. Тиісінше, жоспарды іске асыру үшін олар банк қызметкерімен сөз байласып, оның көмегімен бағдарламаны жетілдіре түскен.

Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі
Фото: Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі

Минстрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ұсталғандардан 12 ұялы телефон, POS-терминал және 36,5 мың доллар тәркіленген.

Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі
Фото: Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі

Нақтылай кетейік, Өзбекстанда жұмыс істейтін Tenge Bank 100% «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының еншілес компаниясы саналады. Ол Ташкенттегі қызметін 2019 жылы бастаған.

Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі
Фото: Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі

Еске салайық, былтыр Өзбекстанның Орталық банкі алаяқтар ұрлаған 9,5 млрд сомды (шамамен $732 мың) бұғаттап тастаған.

Соңғы жаңалықтар