Өзбекстанның Орталық банкі алаяқтар ұрлаған 732 мың долларды бұғаттап тастады
ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Былтыр Өзбекстанның Орталық банкі алаяқтар ұрлаған 9,5 млрд сумды (шамамен $732 мың) бұғаттап тастаған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

2024 жылы құқық қорғау органдары Орталық банкке қолданушылардың құпия деректерін сұратып, 2 502 өтініш жолдаған. Бұл ретте реттеуші алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іске қатысы бар 460 арыз негізінде ақпарат ұсынған.
— Банктер қабылдаған жедел шаралардың нәтижесінде ұрланған 9,5 млрд сум ақша түскен банк карталары Орталық банктің тапсырмасымен бұғатталды, — деп мәлім етті реттеуші органның баспасөз қызметінен.
Еске салайық, былтыр Өзбекстанда жемқор шенеуніктер мемлекетке $278,3 млн залал келтірді.
Сонымен қатар, 2024 жылы Қазақстаннан Өзбекстанға 800 млн долларға жуық ақша аударылған.