Қазақстандық биржа халықаралық рейтингте жоғары бағаланды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық тауар биржасы S& P Global халықаралық рейтинг агенттігінен корпоративтік тұрақтылықтың кезекті бағасын алды.

биржа
Фото: freepik

Биылғы бағалау қорытындысы бойынша «Каспий» тауар биржасы» АҚ 100 балдық шкала бойынша 60 балл алып, өз көрсеткішін 19 балға жақсартты.

Жаһандық қаржы компаниялары арасында компания 95-процентильді иеленді, S& P скорингіне қатысқан сала қатысушыларының 95%-ы бұдан төмен балл алды.

Бұл ретте тауар биржасының бизнесті жауапты және әдепті жүргізуге, экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық орнықтылық қағидаттарын сақтауға, БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына корпоративтік үлесін кеңейтуге бейілділігін растайды.

Айта кетейік, Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін BBB деңгейінде растады.

Соңғы жаңалықтар