Қазақстандық боксшы Жұмағали Нұрмахан жасөспірімдер Азиадасында топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM — Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жұмағали Нұрмахан Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңімпаз атанды.

Боксшы Жұмағали Нұрмахан жасөспірімдер Азиадасында топ жарды
Фото: Арлан Олжабай / ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қазақстандық былғары қолғап шебері 50 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. 

Жұмағали финалда үндістандық боксшы Сингх Мойбунгхонгбамды айқын басымдықпен жеңді. 

Осылайша ол ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Арман Мырсәбит бокстан жасөспірімдер Азиадасында күміс медаль алғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар