Қазақстан дзюдошылары Азия ойындарын бастайды
НАГОЯ.KAZINFORM — Дзюдодан Қазақстан құрамасы 30 қыркүйек күні Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарындағы жарыс жолын бастайды.
Жарыстың алғашқы күні, Әбиба Әбужақынова (48 келі) және Меруерт Сәрсенова (52 келі), Елдос Сметов (60 келі) және Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) татамиге шығады.
Жеребе қортындысы бойынша, Әбиба жарысты ширек финалдан бастайды, ал Меруерт бірінші айналымда Лаос өкілі Тоукки Сенгдакимен белдеседі.
Сонымен қатар Елдос алғашқы айналымда Оңтүстік кореялық Ли Хариммен кездессе, Ғұсыман шриланкалық Кариявасам Мепегамге Дахаммен күреседі.
Айта кетерлігі, дзюдодан Қазақстан құрамасы сапында 14 спортшы (7 ер және 7 әйел) Азиадада бақ сынайды.
Аталған спорт түрі бойынша Азиада жарыстары 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Кристина Овчинникова биіктікке секіруден Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Сонымен қатар Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия ойындарының жартылай финалына шықты.